Шымкентте мас күйде екі танысын пышақтап өлтірген әйел сотталды

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында екі танысын пышақтап өлтірген әйелге қатысты іс қаралды, деп хабарлайды Kazinform.

Түнгі клубтағы кісі өлімі: Сотталушыларға үкім шықты
Фото: Kazinform

Оқиға өткен жылдың 19 шілдесі күні Көксай-2 шағын ауданында болды. Алкогольдік ішімдік ішкен шағын топ, өзара көңіл көтерген. Содан араларында түсініспеушілік туындаған. Сотталушы танысын қызғанып, асханалық пышақпен қасындағыларға дене жарақаттарын салған. Бір адам сол жерде жан тапсырса, екінші адам ауруханада қайтыс болды.

Сот үкімімен ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігінің 1) тармағымен кінәлі деп танылған сотталушы 15 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды.

«Сот сотталушыға жаза түрі мен мөлшерін белгілеген кезде оның қылмыстық жауаптылығы мен жазасын жеңілдететін мән-жайлар ретінде кінәсін мойындағанын, шын ниетпен өкінуін ескерді. Ал қылмыстық жауаптылығы мен жазасын ауырлататын мән-жайлар ретінде алкогольдық масаң күйде болғанын таныды. Үкім заңды күшіне енген жоқ» делінген Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.

Соңғы жаңалықтар