Шымкентте мектеп жанындағы притон жабылды

ШЫМКЕНТ. KAZINFORM - Сауна қызметкерлері күдікті деп танылып, қамауға алынды.

Три притона ликвидировали в Шымкенте
Фото: POLISIA.KZ.

Қылмыстық кодекстің 309-бабы 2-бөлігі 1-тармағы жезөкшелікпен айналысу үшін притон ұйымдастыру және оны ұстау, жеңгетайлық фактісі бойынша Шымкент қаласы Полиция департаментінде тіркелген қылмыстық іс тергеліп жатыр. Тәуке хан даңғылы 60/7-үйде орналасқан 32 пәтердің барлығы монша және қонақүй кешені ретінде қайта жабдықталғаны және онда интимдік қызмет көрсетілгені анықталған.

Қылмыстық іс аясында сауна қызметкерлері күдікті деп танылып, үшеуі қамауға алынған.

- Биыл 2 ақпанда ГАСК басқармасы, СЭС, Оңтүстік Жарық Транзит және ТЖД қызметкерлерінің қатысуымен де кешенді тексеру жүргізілді. Тексеру барысында Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 316-бабының талаптары бұзылғаны анықталды. Осыған байланысты «Арман-1» саунасының қызметі тоқтатылып, нысан мөрленді. Осы баппен әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырылып, Шымкент қаласының әкімшілік сотына жолданды. Үш күдіктіге қатысты айыптау актісі жасалып, іс әрі қарай зерделеу және сотқа жолдау үшін қалалық прокуратураға жіберілді, - деді Шымкент қаласы әкімінің орынбасары, ресми өкіл Сәрсен Құранбек.

Айта кетейік, бұдан бұрын Сәрсен Құранбек Шымкент қаласы әкімдігінің ресми өкілі болып бекітілгенін жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар