Шымкентте мемлекеттік сатып алу заңнамасын бұзған шенеуніктер жауапкершілікке тартылды
ШЫМКЕНТ. KAZINFORM- Әкімшілік құқық бұзушылық туралы 47 хаттама толтырылып, мемлекет кірісіне 2 595 600 теңге көлемінде айыппұл өндірілді.
Прокурорлық қадағалау актісі бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті 7 лауазымды тұлғаға шара қолданды. Оның ішінде Еңбекші ауданының әкіміне, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысына, құрылыс басқармасының бұрынғы басшысына, қалалық драма театрының бұрынғы басшысына қатысты ӘҚБтК 207-бабының 10-бөлігі бойынша (Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзу) әкімшілік құқық бұзушылық туралы 47 хаттама толтырды.
«Жалпы мемлекет кірісіне 2 595 600 теңге көлемінде айыппұл өндірілді. Сонымен қатар, 30 өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізу туралы қадағалау актісі енгізілді», - делінген Шымкент қаласының прокуратурасы таратқан ақпаратта.