1,2 миллион талап еткен: Шымкентте мұғалімді бопсалаған блогер ұсталды

ШЫМКЕНТ. KAZINFORM – Күдікті жағымсыз ақпаратты жарияламау үшін 1,2 миллион теңге талап еткен. 

Шымкентте мұғалімді бопсалаған блогер ұсталды
Фото: Павлодар облысы соты

Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сүйенсек, күдікті медиа cаласындағы танымалдылығын пайдаланып, мектеп қызметкерлерін бопсалаған. «Жағымсыз ақпаратты жариялаймын» деп қорқытып, 1,2 миллион теңге талап еткен.

Аталған жайт бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

– Қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қандай да бір қысым көрсету, қорқыту және бопсалау әрекеттері қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады. Азаматтарды мұндай жағдайда бірден құқық қорғау органдарына жүгінуге шақырамыз, - делінген ведомства ақпаратында.

Айта кетейік, бұдан бұрын Шымкентте жастар орталығының басшысы желідегі жазбаға лайк баспаған қызметкерлерді жазалағанын жазған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар