Шымкентте нысана көздеу және стенд атудан Гран-при кезеңі өтеді
АСТАНА. KAZINFORM – 18 қазанда Шымкент қаласында нысана көздеу және стенд атудан Гран-при кезеңі басталады.
Аталған жарыста Қазақстан атынан 50-ден астам спортшы бақ сынайды. Олардың қатарында ұлттық құрама өкілдері Александра Ле, Ислам Сәтпаев, Әсем Орынбай, Валерий Рахымжан, Никита Чирюкин бар.
ҚР ҰОК мәліметінше, Гран-при кезеңі 28 қазанға дейін жалғасады.
Айта кетейік, Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) қазақстандық былғары қолғап шебері Жәнібек Әлімханұлы мен дат спортшысы Якоб Банк арасындағы әлем чемпионы титулы үшін өтетін жекпе-жекке қатысты ресми мәлімдеме жасады.
Азия мен әлемді бағындырған Қазақстан семсерлесушілерін жаңа бәсеке күтіп тұр.