20:58, 02 Маусым 2025 | GMT +5
Шымкентте оқ және стенд атудан Азия чемпионаты өтеді
АСТАНА.KAZINFORM - 2025 жылдың 16-30 тамыз аралығында Шымкент қаласында спорттық атудан XVI Азия чемпионаты өтеді.

Федерацияның баспасөз қызметі хабарлағандай, жарысқа 40 елден 1 500-ден астам спортшы қатысады деп жоспарланып отыр.
Медальдар стенд және оқ ату түрлері бойынша сарапқа салынады.
Жарыстар Shymkent Shooting Plaza ату спорт кешенінде өтеді.
Айта кетейік, спорттық гимнастикадан Азия чемпионатына қатысатын спортшылар анықталды.