Шымкентте «Өнегелі ұрпақ» науқаны бойынша әл-Фараби ауданындағы аулалар тазартылды

Шымкент
Фото: Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы

ШЫМКЕНТ. KAZINFORM – Шырайлы Шымкент қаласы күн өткен сайын гүлденіп келеді. Өйткені жылдағыдай емес, абаттандыру, көгалдандыру жұмыстарына қызметкерлерден бөлек, қала тұрғындары да бір кісідей атсалысып жатыр. Бұл аптада «Өнегелі ұрпақ» науқаны бойынша ілкімді істер жүзеге асқан. Соның бірі әл-Фараби ауданына қарасты «Достық ауласында» ұйымдастырылды. 

Қазыбек би 6 көшесіндегі тұрғын-үй алқабының көлемі үлкен және онда ардагерлер көп. Сондықтан осы аумақта тазалау жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Іс-шараға 10-нан аса техника мен 200-ге жуық қызметкер жұмылдырылып, белгіленген нысанды толықтай тазартты. 

аулалар тазартылды
Фото: Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы

– «Таза Қазақстан» акциясы басталғалы оң өзгерістерді байқаймыз. Халық көп шоғырланатын орындарда тазалық деңгейі біршама өскен. Қуантарлығы бұл іс-шараға ЖОО-ның студенттері көп қатысады. Жастардың белсендігілі тек оқу-ғылымнан емес, қоғамдық жұмыстардан да жоғары деңгейде көрінуде. Ұрпағымыздың саналы, тәрбиелі, тазалыққа жақын болуы үшін біздер әрқашан үлгі болатын игі істердің басы-қасында жүруіміз керек, - дейді Қалалық мәслихаттың депутаты Төреайым Сұлтанова. 

Шымкент
Фото: Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы

Өнегелі істі дәріптеу тек бір күнмен шектелмесі анық. Алдағы уақытта қала тұрғындарына қуаныш сыйлағын акция жалғасын таба бермек. 

Соңғы жаңалықтар