16:46, 12 Ақпан 2024 | GMT +5
Шымкентте өртеніп жатқан үйден 7 адам құтқарылды
ШЫМКЕНТ. KAZINFORM – Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Оқиға Қызылкенші көшесінде болды. Екі қабаттың үйдің ішіндегі жиһаздар мен техникалар өртке оранған. Өрт сөндірушілер жалын ішінен 7 адамды қауіпсіз аймаққа алып шықты. Олардың 5-еуі – бала.
«Зардап шеушілер жоқ. Қазір өрттің шығу себептері анықталып жатыр. Оқиға орнына Төтенше жағдайлар департаментінің 3 техникасы мен 12 қызметкері және апаттар медициналық орталығы филиалының мамандары жұмылдырылды» - делінген Шымкент қаласы Төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.