Шымкентте отшашуды заңсыз сатқан 22 адам жауапкершілікке тартылды

Заң бұзушылардан 108 дана пиротехникалық заттар тәркіленді, деп хабарлайды Kazinform.

полиция
Фото: gov.kz

Полиция қызметкерлері отшашулар сатылатын орындар мен базарларда жүргізген рейдтер барысында біршама заң бұзушылықтарды анықтады. Нәтижесінде 22 адам жауапкершілікке тартылып, 108 дана пиротехникалық заттар тәркіленді. Заң бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 196-бабы бойынша хаттамалар толтырылды.

«Тәртіп сақшылары 3 қаңтарға дейін сауда орындарын аралап, патрульдеу жұмыстарын жүргізетін болады. Профилактикалық шара барысында өнімнің құжаттары, сауда жасауға рұқсаты мен пиротехникалық жарылғыш заттарды сақтау орындары тексеріледі. Тұрғындарға пиротехникалық заттарды тек лицензиясы бар дүкендерден сатып алуға және пайдалану жөніндегі нұсқаулықты мұқият зерделеуге кеңес береміз» - деген Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.