Шымкентте полиция аса ірі көлемдегі мефедронның таралуына жол бермеді

Мефедрон
Фото: Polisia.kz

Шымкент Полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел іс-шаралар барысында есірткі заттарын өткізумен айналысып жүрген Алматы тұрғынын құрықтады.

20 жастағы ер адам өзімен бірге қытырлақ картоп (чипсы) қаптамасына салынған синтетикалық есірткіні тасымалдаған.

Оның жалдамалы пәтерін тексеру кезінде ұнтақ салынған полиэтилен пакеттер және 150-ден астам есірткі орамасы табылды. Тәркіленген мефедронның жалпы салмағы 3,5 келіні құрады.

«Күдікті қамауға алынды. Тергеу жүргізіліп жатыр. Шымкент қаласының полиция департаменті есірткімен байланысты кез келген заңсыз іс-әрекет заңмен қудаланатынын ескертеді», — деп жазды ведомстводан.

Соңғы жаңалықтар