Шымкентте психотроптық заттармен ұсталған күдікті қамауға алынды
ШЫМКЕНТ. KAZINFORM – Профилактикалық іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері қала аумағында есірткі заттарын таратумен айналысқан ер адамның заңсыз әрекетінің жолын кесті.
Polisia.kz-тің хабарлауынша, тергеу барысында күдіктінің психотроптық заттарды жасырын орындарға орналастыру арқылы тарату әдісін қолданғаны белгілі болды.
Тексеру кезінде аталған азаматтан таратуға дайындалған 72 орам психотроптық заттар табылып, тәркіленді.

Қазіргі уақытта осы факті бойынша тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Күдікті қамауға алынды.
Полиция есірткі таратудың алдын алу және жолын кесу бағытындағы жұмыстарын жалғастырып жатыр.
Еске сала кетейік, осыған дейін екі өңірде 45 мың дозаға тең есірткі тәркіленгенін жазған едік.