Шымкентте сабақ үстінде 8 сынып оқушысының жүрегі тоқтап қалды

Шымкентте 14 жастағы оқушы мектепте қайтыс болды, деп хабарлайды Kazinform.

жедел жәрдем
Фото: Kazinform

Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты №48 жалпы орта мектебінде оқыс жағдай болды. Дене шынықтыру сабағында 2010 жылы туған 8 сынып оқушысы есінен танып құлаған. Жедел жәрдем уақытылы келгенімен жасөспірімнің өмірін сақтап қалу мүмкін болмады.

«Мектеп медбикесі спорт залға жылдам жетіп алғашқы көмек көрсетіп, жедел жәрдем шақырған. Шақыруға келген жедел жәрдем қызметкерлері екінші арнайы шұғыл жәрдем шақырған. Алайда, шұғыл жедел жәрдем келгенше баланың жүрегі тоқтап, қайтыс болды. Қазіргі таңда құзырлы органдар тарапынан тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде» - делінген Шымкент қаласы білім басқармасының баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.

Соңғы жаңалықтар