Шымкентте сәбиінің өлі денесін қорапқа салып, тастап кеткен ана ұсталды

 Ақтауда 20 миллионыншы сәбилермен бір күнде 19 бала өмірге келді
Фото: Pixabay

ШЫМКЕНТ. KAZINFORM. Шымкент полициясы шала туған сәбиінің өлі денесін қорапқа салып, қаладағы Түркістан облыстық перинаталдық орталыққа тастап кеткен әйелді ұстады.

Ведомство мәліметінше, ол — Шымкент қаласының тұрғыны. 

«Аталған факті бойынша қала тұрғыны анықталып, ұсталды. Қылмыстық іс қозғалып, сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», -делінген полиция мәліметінде. 

Еске салсақ, 7 мамыр күні кешкі 21.00 шамасында Шымкентте орналасқан № 2 Түркістан облыстық перинаталды орталығына белгісіз адам келіп, шамамен 20-21 апталық шала туған қыз баласының денесін тастап кеткен еді.  
 

Соңғы жаңалықтар