Шымкентте сакура гүлдеді

ШЫМКЕНТ. KAZINFORM — Бүгінде 25 түп сакура бүршік жарып, қаланың көркін аша түсті.

сакура
Фото: pixabay.com

Жапон мәдениетінің символына айналған бұл ағаштар «Журналистер» аллеясына, Назарбаев даңғылының бойына, Атлант сауда үйінің маңына, Сайрам және Жібек жолы көшелеріндегі гүлзарға отырғызылған болатын.

Биіктігі 4-5 метрге жететін сакуралар қаланың табиғи сәнін арттырып қана қоймай, экожүйені жақсартуға да ықпал етеді.

Сакуралардың тамыры тереңге бойлап, бұтақтары жайқалып өсуі үшін тұрақты күтім жасалып, суару жұмыстары үздіксіз жүргізіліп келеді. Бұл жұмыстар қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының бақылауында.

Айта кетейік, бұдан бұрын Түркістанда 2,5 тонна наурыз көже пісірілгенін жазған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар