Шымкентте тұрғындарды ауызсумен қамтамасыз ете алмаған шенеуніктер жазаланды

ШЫМКЕНТ. KAZINFORM - Шымкентте прокуратура тұрғындарды сумен қамтамасыз ету мәселелері бойынша тексеру жүргізді, деп хабарлайды қалалық прокуратураның баспасөз қызметі.

Маңғыстаудағы Жармыш ауылының тұрғындары 7 жыл күткен ауыз суға қол жеткізді
Фото: Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Тексеру барысында прокурорлар 1500-ден астам үйдің орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілмеуі, санитарлық нормалардың бұзылуы, су инфрақұрылым нысандарының сапасыз салынуы және сумен жабдықтаудың дұрыс ұйымдастырылмауы сияқты кемшіліктерді анықтады.

- Қадағалау актілерімен кінәлі лауазымды тұлғалар әкімшілік және тәртіптік жауапқа тартылды. Тұрғындарды ауыз сумен толық қамтамасыз ету мақсатында іс-шаралар жоспары әзірленді, - делінген хабарламада.

Осыған дейін прокурорлардыңҚызылорда облысында инвесторды негізсіз салынған айыппұл төлеуден босатқаны туралы хабарладық.

 

Соңғы жаңалықтар