Шымкентте Ұлттық мәдениет және өнер университеті ашылады

АСТАНА. KAZINFORM — Шымкент қаласында Ұлттық мәдениет және өнер университеті ашылады. Үкімет жаңа жоғары оқу орнын құру туралы қаулы қабылдады.

Шымкентте Ұлттық мәдениет және өнер университеті ашылады
Фото: Kazinform\ЖИ

2026 жылғы 16 қарашадағы Үкімет қаулысына сәйкес, университет республикалық мемлекеттік мекеме ретінде құрылады. Жаңа оқу орны Мәдениет және ақпарат министрлігінің қарамағында болады. Министрлік университеттің қызметін басқаруға жауапты уәкілетті орган болып белгіленді.

Сонымен қатар жаңа университет жекешелендіруге жатпайтын жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тізіміне енгізілді.

Қаулыны іске асыру үшін Мәдениет және ақпарат министрлігіне Ғылым және жоғары білім министрлігімен, сондай-ақ Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, қажетті шараларды қабылдау тапсырылды.

Құжат 2026 жылғы 16 қарашада күшіне енді.

Еске салсақ, бұған дейін, Шымкент қаласын Қазақстанның оңтүстігіндегі ғылыми-білім беру орталығына айналдыру жоспарланып отырғаны хабарланған еді.