Шымкентте жасөспірім қыз 4-қабаттан секірмекші болды

суициды
Фото: Алина Тулеубаева/Kazinform

ШЫМКЕНТ. KAZINFORM - Шымкентте жасөспірім қыз 4-қабаттағы терезеден секірмекші болды. Қызды құтқару сәті шымкенттік полицейлердің бейнежетонына түсіп қалған.

Төртінші қабаттың терезесінде отырған жасөспірім туралы полицияға жергілікті тұрғындар хабар берген. Оқиға орнына жедел жеткен патрульдік полиция полкінің экипаждары бірден құтқару жұмыстарына кірісті. Екі инспектор сыртта қалып, қызды әңгімеге тартты. Қателік жасамауға шақырып, назарын аударды. Қолайлы сәтті пайдаланған қалған екі офицер ғимаратқа кіріп, жасөспірімді ұстап алып, қауіпсіз жерге алып шықты.

Айта кетейік, кеше Түркістан облысында көпірден секірмек болған оқушыны полицейлер құтқарып қалды. Онда телефонын алып қойғандықтан әкесіне ашуланған жасөспірім көпірден секірмекші болған.

Соңғы жаңалықтар