Шымкентте жер телімдерінің шекарасын заңсыз өзгерткендер сотталды
АСТАНА. KAZINFORM – Шымкент қаласының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ жергілікті филиалының бұрынғы екі қызметкеріне қатысты үкімі өз күшіне енді.
Олар Қылмыстық кодекстің 206-бабының 3-бөлігінде және 190-бабының 4-бөлігінде көзделген қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айыруға сотталды. Сондай-ақ коммерциялық ұйымдарда басшы лауазымдарды атқару құқығынан 5 жылға айырылды.
«Тергеу барысында сотталған адамдардың Мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде мәліметтерді өзгерту арқылы Шымкент қаласының жер телімдерінің шекарасын заңсыз көшіріп, өзгерткені анықталды», — деп жазды ҰҚК баспасөз қызметінен.
Олардың қылмыстық әрекетінен мемлекетке келтірілген залал 50 млн. теңгеден астамды құрады.