Шымкентте жыл басынан бері 55 жасөспірім босанып қалған

жүктілік
Фото: Pexels

ШЫМКЕНТ. KAZINFORM — Шымкентте жыл басынан бері кәмелет жасына толмаған 73 қыз жүкті болған. Оның 55-і сәбиін дүниеге әкелген.

Бұл туралы қала әкімдігінде өткен жиында белгілі болды.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Сәуле Дүйсенбаеваның айтуынша, былтыр Шымкентте 54 жасөспірім ана атанған. 

«2024 жылы 5 айда қала бойынша босанған жасөспірімдер саны — 55, 2023 жылы — 54. Биыл 5 айда қала бойынша РСБ порталы арқылы босанған жасөспірімдер саны — 44. Оның біреуі 15 жасқа толмаған, бесеуі — 16, қалған 38-і — 17 жаста», -дейді басқарма басшысының орынбасары. 

Мамандар ерте жүктіліктің алдын алу бойынша түрлі бағдарламаның жүргізіліп жатқанын айтып отыр.

Бірақ нәтижесі көңіл көншітпейді.

Соңғы жаңалықтар