Шымкентте жол апатынан 16 жастағы скутер жүргізушісі қаза тапты

Шымкентте жол апатынан 16 жастағы скутер жүргізушісі қаза тапты, деп хабарлайды Kazinform.

ДТП
Фото: t.me/POLICE_of_KZ/10647

Оқиға «Самал-3» шағын ауданындағы Мұғалжар мен Алпамыс батыр көшелерінің қиылысында болды. «Zhweki» скутері мен «Kia Optima» көлігі соқтығысып, оқиға салдарынан скутердің кәмелетке толмаған жүргізушісі көз жұмды.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі «Абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу» бойынша тіркелді. Іс бойынша тиісті сараптамалар да тағайындалды.

«Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр. Нәтижесі бойынша процестік шешім қабылданады. Осындай қайғылы оқиғаларды болдырмау үшін полиция қызметкерлері барлық жол қозғалысына қатысушыларды жол ережелерін қатаң сақтауға шақырады» - делінген Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.