11:28, 15 Желтоқсан 2023 | GMT +5
Шымкентте жолда келе жатқан жеңіл көлік түгелімен жанып кетті
Шымкентте газ қондырғысын орнатқан көлік өртке оранды, деп хабарлайды Kazinform.

Оқиға Тұран ауданына қарасты Д.Қонаев даңғылы мен Т.Рысқұлов көшесінің қиылысында болды. Жолда келе жатқан «Аudi А-6» жеңіл автокөлігі толығымен жанып кетті.
Өрт оқиғасына Төтенше жағдай департаментінің 15 қызметкері мен 4 техникасы жұмылдырылды.
«Көлікке газ қондырғысы орнатылған. Өрт сағат 09:04-те оқшауланып, сағат 09:12-де толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда» - делінген Шымкент қаласы ТЖД қоғаммен байланыс тобы таратқан ақпаратта.