Шымкенттегі әл-Фараби ауданының әкімі қызметінен босатылды

ШЫМКЕНТ. KAZINFORM - Рашид Мыңбаев әл-Фараби ауданының әкімі қызметінен босатылды.

 Рашид Мыңбаев
Фото: Р.Мыңбаевтың желідегі парақшасынан

44 жастағы Рашид Мыңбаев бұл қызметті 2020 жылдың желтоқсан айынан бері атқарып келді. Ол ротация тәртібіне сәйкес қызметінен босатылды.

Байдібек ауданының тумасы, 2002 жылдан бастап Әділет министрлігінде қызмет атқарған. 2009 жылдан бастап Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметовтың кеңесшісі, көмекшісі болды.

Кентау қаласы әкімінің орынбасары, Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы, Шымкент қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметтерін атқарды.

Ал, 2020 жылдың желтоқсан айынан бүгінгі күнге дейін Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының әкімі лауазымында еңбек етті. 

Айта кетейік, бұдан бұрын Шымкентте 7 жастағы баланың өліміне байланысты аудан әкімі қызметінен босатылған болатын.

Соңғы жаңалықтар