Шымкенттегі Алпамыс батыр ескерткіші көшірілді

ШЫМКЕНТ. KAZINFORM — Бүгінгі таңда Алпамыс батыр ескерткішінің орнын ауыстыру жұмыстары демеушілер тарапынан жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Шымкент қаласы Мәдениет басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Алпамыс батыр
Фото: Мақсат Шағырбаев/ Kazinform
Алпамыс батыр
Фото: Мақсат Шағырбаев/ Kazinform

Алпамыс батыр ескеркішінің орнын ауыстыру жөніндегі ұсыныс Шымкент қаласының Ардагерлер кеңесінен түскен.

Алпамыс батыр ескерткіші
Фото: Мақсат Шағырбаев/ Kazinform

Содан заңнама талаптарына сәйкес ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі жанынан құрылған арнайы комиссия ұсынысты қарап, ескерткіштің орнын ауыстыруға келісім берген. 

Алпамыс батыр ескерткіші
Фото: Мақсат Шағырбаев/ Kazinform
Алпамыс батыр ескерткіші
Фото: Мақсат Шағырбаев/ Kazinform

«Ауыстырылуы жоспарланған ескерткішті орналастыру бойынша ситуациялық эскиздік жобасы дайындалып, белгіленген орындардың меншік иесі мен координациясы анықталды. Бүгінгі таңда аталған ескерткіштің орнын ауыстыру жұмыстары демеушілер тарапынан жүргізіліп жатыр. Ескерткіш Шымкент-Ташкент автожолының бойындағы кілт сәулеттік эскизінің жанына орнатылады», — делінген басқарма тарапынан ұсынылған ақпаратта.

экскаватор, техника
Фото: Мақсат Шағырбаев/ Kazinform
Алпамыс батыр ескерткіші
Фото: Мақсат Шағырбаев/ Kazinform

Бұл жұмыстар жылдың соңына дейін аяқталады деп жоспарлануда.

жұмысшы
Фото: Мақсат Шағырбаев/ Kazinform
Алпамыс батыр ескерткіші
Фото: Мақсат Шағырбаев/ Kazinform

Бұған дейін Шымкентте жекеменшіктегі кейбір әлеуметтік нысандар мемлекетке қайтарылып жатқаны хабарланды.

Алпамыс батыр ескерткіші
Фото: Мақсат Шағырбаев/ Kazinform
жұмысшылар
Фото: Мақсат Шағырбаев/ Kazinform

Сондай-ақ, Шымкентте жыл соңына дейін 1270 адамға пәтер берілетіні белгілі болды.

жұмысшылар, работники
Фото: Мақсат Шағырбаев/ Kazinform
Алпамыс батыр ескерткіші
Фото: Мақсат Шағырбаев/ Kazinform