Шымкенттегі дендросаябаққа кіру уақыты мен бағасы өзгертілді
ШЫМКЕНТ. KAZINFORM – Жаңа тариф 3-сәуірден бастап қолданысқа енді.

А.Асқаров атындағы Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағына кіру ақысы тарифтік мөлшердің өзгеруіне орай, 2025 жылдың 1-сәуірінен бастап 100 теңге болып бекітілді.
Зейнеткерлерге мүгедектігі бар адамдарға, Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, еңбек ардагерлеріне, көп балалы аналарға («Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері), мектеп жасындағы балаларға кіру тегін.
Тұрғындардың өтінішін ескере отырып, саябаққа кіру уақытын таңғы 05:00 ден түнгі сағат 01:00–ге дейін ұзарту бойынша шешім қабылданды. Кіру ақысы таңғы сағат 05:00–ден 07:00–ге дейін және 23:00–ден 01:00–ге дейін тегін.
— А.Асқаров атындағы дендрологиялық саябағы алдағы уақытта жоғарыда көрсетілген уақыт бойынша жұмыс істейтін болады, — делінген Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Айта кетейік, бұдан бұрын Шымкентте жаңа Фосфоршылар мәдениет сарайының құрылысы басталғанын жазған болатынбыз.