Шымкенттегі өрттен 22 жастағы азаматты күйік шалды

АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін сағат 15.18-де Шымкент қаласында тұрғын үйдің шатыры, гараж және жеңіл автокөлік өртенді. 

өрт
Фото: pixabay.com

ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, 170 шаршы метр аумақты қамтыған өрт сағат 15.40-та оқшауланып, 16.13-те сөндірілген. 

Тілсіз жаудың салдарынан 2002 жылы туған ер адамды күйік шалып, ол ауруханаға жеткізілді. 

Оқиға орнына ТЖД және Апаттар медицинасы орталығынан 20 адам және 4 техника жіберілді. 

Соңғы жаңалықтар