Шымкенттегі сайлау учаскелерінде музыкалық сүйемелдеу ұйымдастырылды
ШЫМКЕНТ. KAZINFORM — 23 тамыз — Қазақстан тарихындағы алғашқы Құрылтай сайлауы өтіп жатқан маңызды күн.
Осыған орай Шымкенттегі барлық сайлау учаскелерінде музыкалық сүйемелдеу ұйымдастырылып, дауыс беруге келген тұрғындарға көтеріңкі көңіл күй сыйланды.
Мерекелік әуендер сайлау учаскелеріндегі жағымды ахуалды қалыптастырып, азаматтардың маңызды қоғамдық саяси науқанға белсенді қатысуына әсер етті.
Мәселен, Көрме орталығында орналасқан № 360 сайлау учаскесінде де таңертеңнен музыкалық бағдарлама ұйымдастырылды.
Бұл учаске Көрме орталығында алғаш рет ашылып, 1870 сайлаушыға қызмет көрсетіп жатыр. Мұнда сайлау комиссиясының 7 мүшесі жұмыс істеп жатыр.
Жалпы, Шымкенттегі сайлау учаскелеріндегі музыкалық сүйемелдеу тұрғындарға мерекелік көңіл күй сыйлап, сайлау күнінің маңызын айшықтай түсті.