Шымкенттегі шалғай аудандардың тұрғындары үшін көлік қолжетімділігі артты

ШЫМКЕНТ. KAZINFORM – Қалада автобус маршруттары жаңартылды.

автобус
Фото: Ақмола облысы әкімдігі

Өзгерістер қалалық көліктің бес негізгі бағытына әсер етті. Әсіресе, соңғы аялдамасы шалғай елді мекендерде болатын «Орталық базар – Теміржол вокзалы» бағытына ерекше назар аударылады.

Аталған бағыт бойынша 1 сәуірден бастап жолаушыларға қызмет көрсетіле бастады.

№144 (Айнатас – ТЖВ – Орталық базар) – 6 автобус, 12 минут интервал.

№144А (Жыланбұзған – ТЖВ – Орталық базар) – 10 автобус, 12 минут интервал.

№144Б (Елтай – ТЖВ – Орталық базар) – 4 автобус, 24 минут интервал.

Сондай-ақ №143, 144 маршруттарға қосымша кестелер енгізілді. Ал, №142 және №143 маршруттары 15 жаңа шағын автобуспен толықтырылды. Барлық жаңа шағын автобустар жайлы орындықтармен және салқындатқыш жүйесімен жабдықталған.

Маршруттар бойынша жұмыс кестесі:

№142 – 5 автобус, 12 минут интервал.

№143 – 7 автобус, 12 минут интервал.

– Бұл өзгерістер Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мен тасымалдаушылар арасындағы келісім негізінде жүзеге асырылып жатыр, - деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Айта кетейік, бұдан бұрын Шымкентте SOS батырмалары көбейгенін жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар