Шымкенттік оқушылар қоғамдық көлікте тегін жүреді

Автобус
Фото: pixabay.com

ШЫМКЕНТ. KAZINFORM – Үшінші мегаполистегі қоғамдық көліктерде тегін жүретін жолаушылардың қатары артты.

Бүгінде қоғамдық көліктерде тегін жүру құқығы І-топтағы мүгедектерге, «Батыр ана», «Алтын алқа», «Күміс алқа» төсбелгі иегерлеріне, тыл ардагерлеріне, зағип жандарға және олармен бірге жүретін бір адамға берілген. Ал 7-18 жасқа дейін мектеп оқушыларына тарифтің 50 пайызын төлеу жеңілдігі берілсе, студенттерге 50 теңге төлеу қарастырылған. 

Бірінші мамырдан бастап қоғамдық көлікте тегін жүру мүмкіндігі тағы да бірнеше санаттағы адамдарға беріледі. Яғни, Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков қоғамдық көлікте тегін жүретін санаттағы азаматтардың қатарын көбейту туралы шешім қабылдады. 

Олар: 
1)Ұлы Отан соғысының ардагерлері;
2) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер;
3) басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері;
4) "Қазақстанның Еңбек Ері" атағына ие болғандар;
5) ҰОС жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар;
6) 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдар;
7) саяси қуғын-сүргiндер құрбандары ретiндегі адамдар;
екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар;
9) мүгедектігі бар балаларға;
10) 70 жастан асқан зейнеткерлер;
11) оқушылар.

Соңғы жаңалықтар