Шымкенттік өрт сөндірушілер түтін басқан пәтерден екі бүлдіршінді аман алып шықты
Шымкенттік өрт сөндірушілер түтін тұмшалаған пәтер ішінен екі бүлдіршінді аман алып шықты, деп хабарлайды Kazinform.
Оқиға Абай ауданына қарасты Төлеметов көшесінің бойындағы көп қабатты тұрғын үйлердің бірінде болды. №5 өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндірушілері Марат Әліпбаев пен Арман Махмұт қою түтінге оранған пәтердің ішінен 4 және 5 жастағы екі бүлдіршінді тауып, қауіпсіз жерге алып шықты. Алғашқы көмек көрсетіп, жедел-жәрдем бригадасына тапсырды.
«Алдын ала болжам бойынша балалар отпен ойнап, өрттің шығуына себепші болған. Оқиға орнына 7 өрт сөндіру техникасы, жеке құрамнан 37 адам жіберілді. Балконда үй заттары жанып, соның салдарынан пәтер ішін қара түтін басқан. Өрт сөндірушілер өрттің одан әрі таралуына жол бермей, сағат 16.20-да өртті оқшаулап, 16.24-те толығымен сөндірді» - делінген Шымкент қаласы ТЖД қоғаммен байланыс тобы таратқан ақпаратт
