Шымкенттіктер жүк көлігінде ауызашар берді

Ауызашар
Фото: Мақсат Шағырбай / Kazinform

ШЫМКЕНТ. KAZINFORM — Ерекше ауызашарға келіп, дәм татушылар көп болды.

Қаратау мөлтек ауданына қарасты Тұран-2 ықшам ауданында орналасқан № 51 үйдің тұрғындары жиналып, ауызашар жасады. Сауабы мол бұл жиын жүк көлігінде өтті. Бір отырғанда 70 адам дастарханда бас қосып, ауызашар асынан дәм татты. Көп қабатты тұрғын үйдегі көршілердің ынтымағының арқасында жүзеге асқан игі іске көпшілік таңданыспен қарап, ризашылықтарын білдірді.

Шымкент
Фото: Мақсат Шағырбай / Kazinform

«Жалпы баршамыздың көшіп келгенімізге 2 жыл болды. Содан бері жыл сайын ауызашар беріп, наурызды атап өтеміз. Ыдыс-аяқты әркім үйінен алып шығады. Ал, ортадан ақша жинап алған қазан ошағымыз бар. Жиын тойларды соны пайдаланамыз. Бізге тойхана, кафенің қажеті жоқ. Көршіміз Ержанның жүк көлігін ашып, сонда дастархан жаямыз. Көп болып қолға алған игі ісіміз бір бірімізге деген сыйластықты, достықты, ынтымақты арттырары сөзсіз»-дейді №51 үйдің тұрғыны Мақсат Шағырбаев.

Ауызашар
Фото: Мақсат Шағырбай / Kazinform
Шымкент
Фото: Мақсат Шағырбай / Kazinform
Ауызашар
Фото: Мақсат Шағырбай / Kazinform
ауызашар
Фото: Мақсат Шағырбай / Kazinform
ауызашар
Фото: Мақсат Шағырбай / Kazinform
Шымкент
Фото: Мақсат Шағырбай / Kazinform

 

 

Соңғы жаңалықтар