Шымкенттің бірнеше шағынауданында жарық уақытша өшеді

ШЫМКЕНТ. KAZINFORM – 18 қазанда сағат 08:00-ден 18:00-ге дейін Шымкент қаласының Тұран ауданындағы бірқатар аумақта электр энергиясын беру уақытша тоқтатылады.

жарықсыз қалды
Фото: Pixabay

Жоспарлы ажырату №3, 4 және 8 шағынаудандарды, «Спорт» шағынауданын, 112-орамды, Темірлан тасжолының бір бөлігін, сондай-ақ оған іргелес көшелер мен тұрғын орамдарды қамтиды.

«Оңтүстік Жарық Транзит» компаниясының мәліметінше, электр энергиясын уақытша ажырату 2026 жылға арналған инвестициялық бағдарлама аясында №1 (35/6 кВ) қосалқы станциясын қайта жаңғырту жұмыстарына байланысты жүргізіледі.

– Тұрғындарға электр энергиясының уақытша ажыратылуын ескеріп, жоспарларын алдын ала реттеу ұсынылады. Уақытша қолайсыздықтар үшін тұтынушылардан кешірім сұраймыз, – делінген компания хабарламасында.

Бұған дейін Қызылордада жарықтың жаңа тарифі бекітілгенін жазған едік.