Шымкенттің тумасы криптовалюта айырбастаумен заңсыз айналысқаны үшін сотталды
АСТАНА. KAZINFORM – Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімімен заңсыз кәсіпкерлік қызметін жүзеге асырғаны үшін азамат «C» 2 жылға бас бостандығынан айырылды.
«Сот талқылауы барысында азамат „C“ „Binance“ платформасында цифрлық активтерді (криптовалюталар) лицензиясыз айырбастау қызметін көрсеткені анықталды.
5 жыл ішінде ол 1,7 млрд теңгеден астам аса ірі мөлшерде заңсыз табыс тапқан», — деп жазды аймақтағы прокуратурадан.
Қала прокуратурасы Шымкент қаласының тұрғындарына цифрлық активтерді айырбастау бойынша заңсыз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырғаны үшін қылмыстық жауапкершілік көзделгені туралы ескертеді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.