Шиндлер тізімі бәссаудаға шығарылды
АСТАНА. 21 шілде. ҚазАқпарат - Шиндлер тізімінің түпнұсқаларының бірі eBay интернет-бәссаудаға шығарылды.
Сауда тоғыз күнге жалғасады. Ал тарихи құжат 14 беттен тұрады.
Лоттың бастапқы бағасы 3 миллион доллар. Дегенмен, Калифорниялық коллекционер-сатушылар шамамен екі есе көп пайда табуды көздеп отыр. Тізімде Оскар Шиндлердің неміс концлагерлеріндегі өлімнен құтқарғысы келген 801 еврей-ер адамдардың тегі жазылған. Құжаттың датасы 1945 жылы 18 сәуірде қойылған. Сарапшылар тізімді Шиндлердің жеке есепшісі жазған және кейіннен оның ұрпақтары оны коллекция жинаушыларға сатқан болуы керек деген пікірде.
Еске сала кетсек, екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Оскар Шиндлер мыңнан астам еврейге Польша мен Чехиядағы өзіне тиесілі кәсіпорындардан жұмыс тауып беріп, құтқарып қалған.