Шыңғыс Әрінов: Тасқын болған аймақтар апат салдарына дайын болмай шықты

шыңғыс әрінов
Фото: ҚР Үкіметі

АСТАНА. KAZINFORM – Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов Үкімет отырысында тасқын болған аймақтардың апат салдарына дайын болмай шыққаны жұмыстарды қиындатқанын мәлім етті.

«Ақтөбе, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы өзендердің арнасынан асып тасуына байланысты Қорғаныс министрлігінің понтон көпірлерін орнату талап етілді, бұл халықты дер кезінде эвакуациялауды, азық-түлік пен дәрі-дәрмек жеткізуді қамтамасыз ету мүмкіндігін берді.

Зардап шеккен аймақтардың тасқын судың көлемі мен олардың салдарына дайын еместігі аңғарылды, ондағы бірлескен іс-қимылдарды ұйымдастыру мен үйлестіру әлсіз жүргізілді», - деді министр. 

Сондай-ақ, ол министрлік күшімен гуманитарлық жүктерді жеткізу, электр қуатымен жабдықтауды және көлік қатынасын қалпына келтіру мәселелері жедел шешілді деп есептейтінін айтады.

«Апатпен аянбай тәулік бойы күрескен қарапайым жауынгерлер мен құтқарушылардың арқасында адам өліміне жол берілмей, бес жүзден астам елді мекен су басудан аман қалды», - деді Шыңғыс Әрінов.

Соңғы жаңалықтар
telegram