«Шыңғыс хан: моңғолдар әлемді қалай өзгертті» көрмесін 200 мыңнан астам адам тамашалады

көрме
Фото: montsame.mn

АСТАНА. KAZINFORM – Моңғолияның Мәдениет министрлігі мәдениет саласын дамыту, көпжақты ынтымақтастық және Моңғолияның мәдени мұрасын әлемге танымал ету мақсатында көптеген елдермен ынтымақтастық орнатты. Бұл жұмыс аясында Моңғолия мұражайларын дамытуға және шетелдік музейлермен ынтымақтастық орнатуға, өзара тәжірибені зерделеуге және бірлескен жобаларды жүзеге асыруға ерекше көңіл бөлініп отыр, деп жазады МОНЦАМЭ ақпарат агенттігі.

Осы бағыттағы жұмыстардың бірі қазір Францияның Нант қаласында өтіп жатқан «Шыңғыс хан: моңғолдар әлемді қалай өзгертті» атты көрме болды. Көрмені биыл Моңғолия мен АҚШ-та, 2025 жылы Швейцарияда таныстыру жоспарлануда.

Бүгінгі күнге дейін көрмені 200 мыңнан астам адам тамашалаған.

Елдің Мәдениет министрі Ч.Номин Швейцарияның Ритберг мұражайы директорының орынбасары Йоханнес Белцпен кездесіп, бұл көрмені 2025 жылы Швейцарияда жалғастыру және музей саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

көрме
Фото: montsame.mn

Кездесу барысында тараптар музейдің экскурсия жетекшілерін, тәлімгерлер мен суретшілерінің біліктілігін арттыру және бірлескен жобаларды жүзеге асырудағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Сондай-ақ тарихи археологиялық олжалардың, ұлттық киімдердің бірлескен көрмелерін ұйымдастыру және көпжылдық ынтымақтастық мәселелері де қозғалды.

Нант қаласындағы «Шыңғыс хан: моңғолдар әлемді қалай өзгертті» көрмесі 2024 жылдың 5 мамырына дейін жалғасады.

Соңғы жаңалықтар