Шыңжаңда әлемдегі ең ұзын туннель салынды

АСТАНА. KAZINFORM — Дүйсенбі күні таңертең Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында (ШҰАА, Солтүстік-Батыс Қытай) «Тяньшань Шэнли» туннелінің құрылысы аяқталды, деп хабарлайды Kaziform Синьхуа ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Шыңжаңда әлемдегі ең ұзын жүрдек жол туннелі салынды
Фото: Синьхуа

Қар басқан тауларды жарып өтетін жаңа туннель әлемдегі ең ұзын жоғары жылдамдықты автожол туннелі және Қытайдың инфрақұрылымдық дамуындағы маңызды кезең болып саналады.

Бұл — ШҰАА-ның оңтүстік және солтүстік бөліктерін байланыстыратын ең қысқа жаңа жолдың ашылуына жасалған елеулі қадам.

Шыңжаңда әлемдегі ең ұзын жүрдек жол туннелі салынды
Фото: Синьхуа

Қытай тілінен аударғанда атауы «жеңіс» деген мағынаны білдіретін 22,13 шақырымдық туннель іске қосылғаннан кейін Тяньшань тауының орта учаскесінде жүру уақытын бірнеше сағаттан шамамен 20 минутқа дейін қысқартады.

Бұл Шыңжаңның солтүстігіндегі Үрімжі аймақтық орталығынан оңтүстік аймақтағы Юйли уезіне дейін созылатын Үрімжі-Юйли жоғары жылдамдықты жолының негізгі жобасы. Ол толықтай салынып, 2025 жылы пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Екі бағыт арасында автокөлікпен жүру уақыты шамамен жеті сағаттан үш сағаттан астамға қысқарады.

Еске сала кетейік, тергеушілер Оңтүстік Корея президентін тұтқындауға ордер беруді сұрағанын жазған болатынбыз.