Шіркеу епископы намазға жығылып, Құран оқыды
АСТАНА. 20 қараша. ҚазАқпарат - Грузия мемлекетінің Баптистер шіркеуінің бас епископы Малхаз Сонгулашвили дінаралық татулық пен өзара түсіністік бағытында өзінше түрен салып, тың қадамға барды.
Нақтырақ айтқанда, ол мешітте мұсылмандармен қатар тұрып, намаз оқыды. Тек мұнымен ғана шектеліп қалмай, шіркеуде қасиетті Құранның «әл-Фатиха» сүресін оқып, күллі мұсылманның алғысын арқалайтын абыройлы іс істеді.
Оның бұрын да мұндай қайырлы қадамға барып, дінаралық татулыққа үлкен үлес қосқанын айта кету керек, деп хабарлады muslim.kz.