Шіркеу ғимараты мешітке айналатын болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Нью-Йорктің қалалық кеңесі католиктік шіркеу шатырындағы алты крест белгісін алып тастап, осы ғибадатхананы мешітке айналдыруға мұсылман жамағатына рұқсат берді.

Шіркеу ғимараты мешітке айналатын болды

Аталған крестерді алып тастауға кейбір жергілікті тұрғындар қарсы шыққан. 200-ден астам адам қол қойған онлайн-петицияда ғимаратты 100 жыл бұрын қоныс аударған немістер салғанын және ол қаладағы сәулеттік ескерткіш болып табылатыны атап өтілген. Алайда кеңес басшысы діни наным-сенімнің еркіндігіне қатысты мәселелерге араласуға құқылы емес екенін мәлімдеді. Католиктік шіркеуі 2010 жылы пастваның қысқаруы салдарынан жабылған еді. Өткен жылдың желтоқсанында бұл нысанды иммигранттар арасында сауаттылық деңгейін арттырумен айналысатын коммерциялық емес ұйым сатып алған екен. Осы ғимаратта мешітті ашу бастамасын оқыту орталығының директоры көтерген көрінеді.