Шіркеуді өртеген американдық азамат 14 жылға түрмеге отырғызылды

АСТАНА. 23 желтоқсан. ҚазАқпарат - АҚШ соты шіркеуді өртеген ер адамды 14 жыл бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Бұл әрекетті ер адам 2008 жылы Барак Обаманы ел президенті етіп сайлауға келіспеушілігі ретінде жасады.

Шіркеуді өртеген американдық азамат 14 жылға түрмеге отырғызылды

Массачусеттс штатының Спрингфилд қаласындағы шіркеу афроамерикандықтардың иелігінде еді. Айыпкер шіркеуді қалпына келтіру үшін 1,6 млн. АҚШ долларын төлеуі тиіс.