Шіркеуге түскен найзағай сегіз адамның өмірін жалмады

АСТАНА. 29 желтоқсан. ҚазАқпарат - Малави астанасы Лилонгве қаласында шіркеуге келген сегіз адамға найзағай түсіп мерт болды.

Шіркеуге түскен найзағай сегіз адамның өмірін жалмады

Бұл туралы lenta.ru хабарлады.

Оқиға 28 желтоқсан күні жергілікті уақыт бойынша 16.30-да орын алған. Шіркеуден ауруханаға 9 адам жеткізілгенімен олардың сегізі жолда жантәсілім еткен екен. Соның ішінде бір бала бар.

Тоғызыншы адам жансақтау бөліміне жатқызылды. Барлығы осы оқиға салдарынан 40-қа тарта адам зардап шекті.