ШЫҰ Бас хатшысының рөлін күшейту ұсынылды

АСТАНА. KAZINFORM – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымының Астана саммитінде сөйлеген сөзінде ШЫҰ Бас хатшысының рөлін күшейту туралы ұсыныстарды құптайтынын айтты.

ШЫҰ
Фото: Ақорда

«Қарқынды жаһандық өзгерістерге байланысты біздің алдымызда ШЫҰ қызметін одан әрі жетілдіруге бағытталған маңызды міндет тұр. Ұйым аясының кеңею үдерісі жаңа мүмкіндіктерге жол ашып, оны дамытуға тың серпін береді. Еліміз ШЫҰ-ға төраға ретінде Ұйымды ынтымақтастықтың бұдан да тиімді әрі көпжақты механизміне айналдыруды көздейтін теңгерімді ұсыныстарын ортаға салды. Атап айтқанда, біз ШЫҰ Хатшылығы мен Бас хатшының рөлін күшейтуді құптаймыз», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазақстан басшысы айтылған барлық ұсыныс ортақ игі мақсаттарға қол жеткізу ниеттен туындағанын атап өтті.

Мемлекет басшысы сөзін қорытындылай келе, Ұйымға мүше елдердің басшыларына ризашылығын білдіріп, ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинді ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының кеңесіне төраға болуымен құттықтады.

Соңғы жаңалықтар