ШЫҰ елдері әлі де қауіпті аурулардың ошағы болып тұр – Ақмарал Әлназарова
АСТАНА. KAZINFORM – Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттердің денсаулық сақтау министрлерінің жетінші кездесуінде әріптестерін жаһандық қатерлерге бірлесіп ден қоюға шақырды.

«Шанхай Ынтымақтастық ұйымы елдері әлі де қауіпті аурулардың ошағы болып қалып отыр. Аурулардың таралуын бақылау, биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері күн өткен сайын өзекті болып барады. Өйткені эпидемиологиялық ахуал күн сайын құбылып тұр», - деді министр.
Оның пайымдауынша, аталған проблеманы еңсеру үшін ұйымға мүше елдерге бірлік керек.
«ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің алдында өңірлік деңгейдегі әріптестікті нығайтудың сын-қатерлері тұр. Бұл біздің жаһандық ауқымдағы қатерлерге бірлесіп ден қоюымыз үшін қажет», - деді Ақмарал Әлназарова.