ШЫҰ-ға мүше елдер энергетиканы дамытудың стратегиялық жобасын келісті

ШЫҰ-ға мүше елдер энергетиканы дамытудың стратегиялық жобасын келісті
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Астанада Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттердің Энергетика министрлерінің төртінші кеңесі өтіп жатыр. 

«Қазақстанның төрағалығымен былтыр қазанда ШЫҰ мүше 12 елдің өкілдері, бақылаушыларының, хатшылықтың қатысуымен энергетикалық форумын өткіздік. Одан бөлек, ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің белсенді қатысуымен Мемлекет басшысының бастамасы бойынша ұсынылған Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттердің энергетикалық ынтымақтастығын дамытудың 2030 жылға дейінгі стратегиясының жобасын сәтті келістік», - деді Алмасадам Сәтқалиев кеңес отырысын аша отырып.

Министрдің айтуынша, стратегиялық жоба ШЫҰ мүше елдердің өңірлік энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған. 

«Шанхай ынтымақтастық ұйымы өзінің мүше мемлекеттерінің ынтымақтастығы үшін бірегей артықшылықтарға ие бола отырып, өзін беделді көпжақты бірлестік ретінде танытқанын атап өту маңызды. Әрине, бұл транзиттік-логистикалық мүмкіндіктер, мемлекеттердің географиялық байланысы және экономикалардың өзара толықтырылуымен байланысты. Біздің мемлекеттер әлемдік ЖІӨ-нің шамамен үштен бірін, Еуразия аумағының 60%, әлем халқының 42%-ын және халықаралық сауданың 15%-дан астамын құрайды. Энергетика саласы ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің ірі өндірушілерді, транзиттерді және энергия ресурстарын тұтынушыларды біріктіретін ынтымақтастығының маңызды аспектісі», - дейді ол.

Соңғы жаңалықтар