ШЫҰ Иранның әскери нысандарына жасалған шабуылды айыптады

АСТАНА. KAZINFORM – Шанхай ынтымақтастық ұйымы Иран Ислам Республикасының әскери нысандарына жасалған шабуылға байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ШЫҰ баспасөз қызметі.

Таяу Шығыс
Фото: 1news.az

— Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер 2024 жылдың 26 ​​қазанында Иран Ислам Республикасының әскери нысандарына жасалған шабуылды қатаң айыптайды. ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер халықаралық бейбітшілікке, қауіпсіздік пен тұрақтылыққа нақты қауіп төндіруі мүмкін Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуіне қатты алаңдаушылық білдірді. ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер халықаралық құқықтың жалпы танылған нормаларын, соның ішінде БҰҰ Жарғысында бекітілген нормаларды сақтай отырып, осы аймақтағы жағдайды тек саяси және дипломатиялық құралдар арқылы тұрақтандыру бойынша тиімді шараларды тез арада қабылдауды жақтайды, делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, Ирак БҰҰ-ға Израиль Иранға шабуыл жасау үшін оның әуе кеңістігін пайдаланды деп шағымданды.

Еуроодақ Таяу Шығыстағы қақтығыста 130-ға жуық журналистің өлтірілгенін айыптады.

Израильге Газадағы атысты уақытша тоқтату туралы ұсыныс түспеген.

Соңғы жаңалықтар