«ШЫҰ+» кездесуі басталды

ШЫҰ+
Фото: akorda.kz

АСТАНА. KAZINFORM – Елордадағы Тәуелсіздік сарайында Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммиті аясындағы «ШЫҰ+» кездесуі басталды.

Кездесуге Ұйымға мүше 10 мемлекеттің басшысымен қатар БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш, БАӘ Жоғары федералдық кеңесінің мүшесі, Рас-әл-Хайма әмірлігінің билеушісі Сауд ибн Сакр әл-Касими, Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов, Моңғолия Президенті Ухнаагийна Хурэлсуха, Президент Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған, Қатар Мемлекетінің Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни қатысуда.

Айта кетейік, осыдан 1 сағаттан астам уақыт бұрын ШЫҰ саммиті аяқталған болатын. Іс-шара барысында Беларусь Ұйымның толыққанды мүшелігіне өтті

Осылайша, Ұйым «Шанхай ондығы» ретіндегі жұмысын бастады. Сондай-ақ саммит қорытындысында Мемлекет басшылары Астана декларациясына және Ұйым қызметіне қатысты өзге де бірқатар маңызды құжатқа қол қойды.

 

 

Соңғы жаңалықтар