ШЫҰ қызметі реформалануы мүмкін бе – Бас хатшы жауабы

Чжан Мин
Фото: ЕЭК

АСТАНА. KAZINFORM – ШЫҰ-ны жаңғырту мен реформалаудың перспективалы және сындарлы жоспары жасалады. Бұл туралы ШЫҰ Бас хатшысы Чжан Мин Kazinform агенттігіне берген сұхбатында айтты.

«ШЫҰ құрылғалы жиырма жылдан астам уақыт өтті, бұл аралықта барлық салада елеулі жетістіктерге қол жеткізілді және халықаралық жағдайда айтарлықтай өзгерістер болды. Оған мүше мемлекеттер ШЫҰ қызметін жетілдіруді негізгі міндеттердің бірі ретінде қарастырады және оны ілгерілету үшін бар күшін салады. Бұл бағыттағы жұмыс Мемлекет басшыларының кеңесі, Үкімет басшыларының кеңесі, Сыртқы істер министрлерінің кеңесі және ұйымның басқа да маңызды механизмдері деңгейінде жүргізіледі», - деді Чжан Мин.

Оның айтуынша, 2022 жылы Самарқан саммитінде мүше мемлекеттердің басшылары ШЫҰ қызметін жетілдіру туралы шешім қабылдаған.

«2023 жылы наурызда Астанада қазақстандық тараптың төрағалығымен осы тақырып бойынша алғашқы сараптамалық консультациялар өтті, оның қорытындысы бойынша бұл жұмысты Ұлттық үйлестірушілер кеңесінің, Сыртқы істер министрлері кеңесінің және мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырыстарында қарау ұйғарылды. Қазіргі уақытта ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер осы мәселе бойынша бірқатар маңызды уағдаластыққа қол жеткізді және белгіленген жоспар бойынша тиісті жұмысты ілгерілетіп келеді. Бұл жұмыс әлі жалғасып жатқандықтан, мен барлық мәліметті ашық айта алмаймын. Дегенмен, мүше мемлекеттердің бірлескен күш-жігерімен ШЫҰ-ны жаңғырту мен реформалаудың перспективалы және сындарлы жоспарын әзірлей алатынымызға сенімдімін, бұл Ұйымымызға заманнан қалыспауға және мүше мемлекеттердің халықтарына көбірек пайда әкелуге көмектеседі», - деді спикер.

Сұхбаттың толық нұсқасына мына сілтеме арқылы өте аласыз. 

Соңғы жаңалықтар