ШЫҰ Қорғаныс министрлерінің кеңесі: Біздің ұйым – әскери-саяси блок емес

қорғаныс министрлері
Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Астанада Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше елдердің қорғаныс министрлерінің кеңесі өтті.

Кеңесте халықаралық және өңірлік қауіпсіздіктің өзекті мәселелері талқыланып, қорғаныс ведомстволары арасындағы ынтымақтастықты дамыту қадамдары айқындалды.

Сондай-ақ, ШЫҰ-ның әскери-саяси блок еместігі, саладағы өзара іс-қимыл басқа елдерге қарсы бағытталмағаны айтылды.

Кеңес қызметі әскери саладағы сенім шараларын нығайтуға, өңірлік қауіпсіздіктің сын-тегеуріндері мен қатерлеріне қарсы іс-қимыл жөніндегі күш-жігерді үйлестіруге бағытталған. Осыған байланысты «Бейбіт миссия» терроризмге қарсы бірлескен әскери оқу-жаттығуларын өткізуді жалғастыру қажеттігі сөз болды.

Қорғаныс ведомстволарының басшылары ұйымға мүше мемлекеттер қарулы күштерінің қызметін насихаттау үшін әскери-тарихи мұражайлар арасындағы өзара іс-қимылды дамытуға келісті.

Қазақстанның Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов ұйымның тарихына тоқталып, келешігімен байланысты ұсыныстар айтты.

Атап айтсақ, сенім шаралары туралы келісімді әзірлеуді және қабылдау ұсынылды.

Кеңес қорытындысы бойынша хаттама мен ынтымақтастықты реттейтін бірқатар құжатқа қол қойылып, бірлескен коммюнике қабылданды.

Сондай-ақ, Қазақстанның Қорғаныс министрі мен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының Бас хатшысы бірлескен мәлімдеме жасады.

Соңғы жаңалықтар