ШЫҰ саммитіне келген меймандар көшпенділер ойындарымен танысты

Көшпенділері ойындары
Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Астана саммитіне Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдерден келген меймандар мен БАҚ өкілдеріне күзде елордада өткелі отырған V дүниежүзілік көшпенділер ойындары таныстырылды.

Көшпенділер ойындары
Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

Шетелдік делегаттар арасында Германия, Үндістан, Испания, Италия, Оңтүстік Корея, Ливан, Малайзия, Норвегия, Сербия және Чехиядан келген журналистер бар.

Серік Жарасбаев
Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

«Кеше Шанхай ынтымақтастық ұйымының Астана саммитінде «Бейбітшілік және келісім сарайында» көшпенділер ойындарына арналған бұрыш ұйымдастырдық. Ол жерде сарапшылар, волонтерлер өз пікірін айтып, таныстырды. 100-ден астам шетелдік журналист болды, біз видеоролик көрсеттік. Шетелдік меймандарға көшпенділер ойындары туралы кітапшалар тараттық. Бүгін соның жалғасы, Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп ұйымдастырып жатырмыз», - деді Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев БАҚ өкілдеріне сұхбат бере отырып.

Көшпенділер ойындары
Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының дирекциясы шетелдік меймандарға арнайы бағдарлама дайындаған.

Делегатам ШОС показали пробную версию Всемирных игр кочевников в Астане
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

Сондай-ақ, көшпенділер ойындарының ерекшелігін жеткізу мақсатында «Qazaqstan» жеңіл атлетика кешені ойындардың стилінде безендіріліп, ұлттық спорт түрлерінен қойылымдар қойылды.

Көшпенділер ойындары
Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

Еске сала кетейік, Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының Қазақстанда өтетіні былтыр қазанда белгілі болды. 

Ал биыл наурызда алғашқы билет сатылды.

Айта кетейік, дүниежүзілік көшпенділер ойындары UNESCO қолдауымен өтеді.

Көшпенділер ойындары
Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform
Көшпенділер ойындары
Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

 

 

Соңғы жаңалықтар