Ішкі нарықта полипропилен тұтыну көлемі 25%-ға жетті

АСТАНА. KAZINFORM — «Қазмұнайгаз» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Асхат Хасенов Үкімет отырысында «Форсаж» бағдарламасының алғашқы нәтижелерін атады.

полипропилен
Фото: КРІ компаниясының баспасөз қызметі

— 2024 жылы «Форсаж» бағдарламасы іске қосылды. Бұл тұтынушының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, полипропиленді жеңілдікпен сатып алуға мүмкіндік береді.
Бүгінгі таңда кілем бұйымдарын, полимерлі гофроыдыстарды, қосалқы материалдарды және басқа да өнімдерді шығаратын отандық өндірушілермен 8 форсаж жасалды. Оларға берілетін жеңілдік 11%-дан 23% аралығында. Жалпы, үстіміздегі жылдың 1-тоқсанында ішкі нарықта полипропиленді тұтыну 25%-ға ұлғайды, — деді ол.

Бұған дейін елімізде мұнай-газ-химия өнеркәсібі туралы заң жобасы әзірленіп жатқанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар