ШҚМУ латын әліпбиін оқытуда өңірлік орталыққа айналады

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстандағы Сәрсен Амажолов атындағы мемлекеттік университет латын әліпбиін оқытудың өңірлік әдістемесін әзірлеуге кірісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Қазіргі таңда аталмыш университет ұстаздары Ахмет Байтұрсынов атындағы тіл білімі институтымен және Шайсұлтан Шаяхметов атындағы тілдерді дамыту республикалық орталығымен тығыз жұмыс жүргізуде. Аталмыш мекеме ғалымдарының нұсқауымен жаңа әліпбиді оқытудың өңірдік әдістемесін жасау жоспарланған.

«Ең әуелі әліпби үйретудің әдістемелік негізін жасап алмақшымыз. Аудиториясын содан кейін анықтаймыз. Жалпы біздің университет жаңа әліпбиді үйретуде өңірлік орталық болады деген жоспар бар. Әліпби үйретушілер біз дайындаған әдістеме бойынша жұмыс істейтін болады. Оларды да дайындықтан өткізу қажет. Ал қарапайым тұрғындар үшін кешкі мектеп пен халықтық университет құрамыз», - дейді С.Аманжолов атындағы ШҚМУ профессоры Сіләмбек Оразалин.

Ғалымның айтуынша, «халықтық университет» арқылы әліпби үйрету әлемдік тәжірибеде кеңінен тараған. Мұндай жолмен Түркия, Әзербайжан, Өзбекстан елдері де жүрген.

«Аты айтып тұрғандай, халықтық университет адамды жасы мен қызметіне, лауазымына қарап бөлмейді. Қала тұрғынын да, дала тұрғынын да бір аудиторияға тоғыстыратын жүйе бұл», - дейді Сіләмбек Оразалин.

Шығысқазақстандықтардың жаңа әліпбиді үйренуге деген құлшынысы жоғары. Университет студенттері жаңа нұсқаны  әдістеменің дайындалуын күтпестен үйрене бастады. 

Соңғы жаңалықтар